Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Уақытыңды басқар: Түнгі ұйқы

bilimdiler.kz

Уақытыңды басқар: Түнгі ұйқы

Уақытыңды басқар:

Түнгі ұйқы

Пайғамбар (с. а. с.) түннің бірінші бөлігінде құптан намазынан кейін ұйықтаушы еді. Құптаннан бұрын ұйықтағанды ұнатпайтын. Сосын түннің екінші бөлігінде тұрып намаз оқитын, одан кейін қайта жататын. Пайғамбарымыз (с. а. с.)

«Алла Тағалаға ең ұнамды намаз – Дәуіт пайғамбардың намазы. Алла Тағалаға ең ұнамды ораза – Дәуіт пайғамбардың оразасы. Ол (Дәуіт пайғамбар) түннің жартысына дейін ұйықтап, үштен бірінде құлшылық жасайтын да сосын алтыдан бірінде қайта ұйықтайтын. Және бір күн ораза ұстаса, бір күн ұстамайтын»

деген.

Хадисте айтылған Пайғамбарымыздың ұйықтауы мен ұйқыдан тұру әдетіне зер салсақ, дененің демалуына, ағзаның тыныстауына және күш - қуат жинауға ең тиімді әдіс екенін аңғарамыз. Сондықтан біз де сүннетті үлгі ете отырып, құптан намазын оқып бірден ерте жатуға дағдыланғанымыз абзал. Бұл сергектікпен қатар мол сауапқа кенелтеді.

жиған - терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024