WhatsApp-та жаңа функция пайда болды
WhatsApp мессенджерін әзірлеушілер пайдаланушыға жіберілген хабарламаны өңдеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияның іске қосылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
«Енді сіз жіберген хабарламаңыздағы қатені оңай түзете аласыз және хабарлама жеткізілгеннен кейін қосымша мәліметтерді қоса аласыз. Ол үшін жіберілген хабарламаны басып тұрыңыз, содан кейін пайда болған мәзірден «Өңдеу» пәрменін таңдаңыз. Ондай өзгерісті хабарламаны жібергеннен кейін 15 минут ішінде жасауға болады», - дейді әзірлеушілер.
Өңделгеннен кейін жазба «Өзгертілген» деп белгіленеді, бірақ басқа пайдаланушылар түзету тарихын көрмейді.
Алдағы апталарда бұл мүмкіндік бүкіл әлемдегі пайдаланушыларға қолжетімді болады деп хабарланды.
- Соңғы
- Қараша, 03
-
- Қазан, 22
-
- Шілде, 24
-
- Сәуір, 23
-
- Сәуір, 10
-
- Наурыз, 24
-
- Ақпан, 26
-
- Қараша, 28
-
- Қараша, 01
-
- Қазан, 25
-
- Қазан, 20
-
- Қазан, 15
-
- Қыркүйек, 27
-
- Қыркүйек, 20
-
- Қыркүйек, 11
-
- Тамыз, 29
-
- Тамыз, 15
-
- Шілде, 31
-
Күнделікті жаңалықтар
21 мамыр 2026