Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Антикор ҚазАвтоЖолдың барлық жол-пайдалану учаскелерін тексеріп жатыр

ktk.kz

Антикор ҚазАвтоЖолдың барлық жол-пайдалану учаскелерін тексеріп жатыр

Ішкі тексеріс барысында бірқатар ЖПУ басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды. Тексеріс толық аяқталып, анықталған фактілер расталған жағдайда, ЖПУ басшыларына Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес шара қабылданады. Анықталған фактілер бойынша құзыретті органдар да қосымша хабардар етіледі.

Ішкі тексеріс төмендегі тармақтарды қамтиды:

🔹өндірістік құжаттаманы рәсімдеу;

🔹жанар-жағар майды есептен шығару;

🔹жол парақтарын рәсімдеу;

🔹ЖПУ басшыларының қызметкерлердің еңбек пен орындаушылық тәртібін қадағалауы;

🔹күнделікті жұмысқа еш қатысы жоқ мамандарды тіркеу фактілері және т.б.

Барлық жол-пайдалану учаскелерінің қызметкерлері жұмыс орындарында, күре жолдарды күтіп-ұстау жұмыстары қалыпты режимде жүзеге асып жатыр.

Сонымен қатар былтырдан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толығымен жою үшін «ҚазАвтоЖол»ҰК«АҚ жұмыс процестерін толық цифрландыруды қолға алғанын айта кеткен жөн.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024