Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда жарты жылда қанша жұп некелесті

turkistan.today

Қазақстанда жарты жылда қанша жұп некелесті

Биылғы алты ай ішінде елімізде 53,8 мың неке тіркелді, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.Некелесу коэффиценті 1000 адамға шаққанда 5,46 құрады. Сондай-ақ осы кезеңде 8,1 мың некен бұзылды (АХАЖ деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімін есепке алмағанда). Ажырасу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 0,83 құрады.Ал ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 5,8%-ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша республиканың 3 облысында: Астана (16 044 адам), Алматы (15 611 адам) және Шымкент (1 049 адам) қалаларында халық көші-қонының оң айырымы қалыптасты.2023 жылғы қаңтар-маусым республикаға келгендер саны 13652 адамды, елден кеткендер саны 6996 адамды құрады. Көші-қон сальдосы 6656 адамды құрады.2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3%-ға өсті, Қазақстаннан кеткендер саны 56,7%-ға азайды.Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024