Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бірыңғай уақыт белдеуі енгізілсе мектепте сабақтың басталу уақыт өзгере ме?

newsroom.kz

Бірыңғай уақыт белдеуі енгізілсе мектепте сабақтың басталу уақыт өзгере ме?

Үкіметте өткен брифингте Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев облыс әкімдіктері қажет болған жағдайда мектепте сабақ басталу уақытын дербес қайта қарауға құқылы екенін айтты,- деп хабарлайды Newsroom.kz

Сабақтың басталу уақытын өзгерту мәселесі алдағы уақытта Қазақстанда біртұтас уақыт белдеуіне енгізілуіне байланысты туындаған. "Оқу уақытына келетін болсақ, бұл жерде, әрине, біз әкімдіктерге қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз, ешқандай кедергілер жоқ. Мысалы, сағат 8.00-де басталған мектептерде сабақ 8.30-да басталуы мүмкін және т.б. Әрбір ұйым мен әкімдік дербес шешім қабылдауына болады", - деді Ғани Бейсембаев. Бұл ретте Бейсембаев министрлікке мұндай өтініштер әлі түспегенін айта кетті. Айта кетейік, Қазақстанда 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024