Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елімізде биыл миллионға жуық азамат жұмысқа орналаспақшы

newsroom.kz

Елімізде биыл миллионға жуық азамат жұмысқа орналаспақшы

2024 жылы халықты жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын іске асыру шеңберінде 943 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Халықты жұмыспен қамту орталығына сілтеме жасап.

Азаматтар Президенттің "10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны" бастамасын іске асыру, халықтың еңбек мобильділігі, субсидияланатын жұмыс орындары мен жұмыс берушілер ұсынатын вакансиялар шеңберінде жұмысқа орналасады.

Халықты құрылатын жұмыс орындары туралы хабардар ету, сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Электрондық еңбек биржасында арнайы функционал іске қосылды. Бос жұмыс орындары (жобалар, тұрақты және уақытша жұмыс орындары бөлінісінде) туралы ақпарат жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар мен жұмыс іздеуді өз бетінше жүзеге асыратын ізденушілер үшін қолжетімді.

Жұмысқа орналасу бойынша мониторинг ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде жүргізіледі, ал олардың дұрыстығын тексеру еңбек шартын тіркеу, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болуы арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 143,7 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 65 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024