Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

WP Украина қарсы шабуылға қалай әзірленіп, қалай шыққанын жазды

azattyq.org

WP Украина қарсы шабуылға қалай әзірленіп, қалай шыққанын жазды

Украина қарулы күштері жазғы шабуыл кезінде Азов теңізіне дейін жете алмай, алға қойған мақсат үдесінен шыға алмады. Оған операцияны жоспарлау кезіндегі Украина қарулы күштерінің басшылығы мен Украинаның Батыстағы одақтастарымен, оның ішінде АҚШ та бар, келіспеушілік те әсер еткен. Бұл жөнінде The Washington Post газеті Украинаның қарсы шабуылына арналған көлемді материалында жазған.Материалда "шабуыл сәтсіз болды" теп нақты аталған. Киев пен одақтастары дәл бұлай атамайды, бірақ кейінгі кездері Украина билігінің өкілдері де шабуылдың баяу жүріп жатқанын, көздеген мақсатына жете алмағанын айта бастаған.WP журналистері дайындаған материалда Украина, АҚШ және Еуропа елдері мен Ресейдің 30-дан астам жоғары лауазымды шенеуніктері және алғы шепте жүрген 20-дан астам офицер мен жауынгердің пікірі қамтылған.Мақала авторларының негізгі қорытындылары мынадай:Былтыр көктемте, шабуыл бастар алдында Америка, Британия және Украина әскери қызметкерлері жоспар құру үшін картаға сегіз үлгі түсірген. Басылымның жазуынша, Вашингтон Украина күштерінің Батыс әскерінің үлгісіне ауысу жылдамдығын дұрыс бағаламаған, Киевте қазіргі заманғы әскери авиация жоқтығы да әсер еткен.Америка мен Украина әскери қызметкерлерінің арасында тек тактикалық мәселе емес, стратегиялық мәселелер бойынша да елеулі келіспеушілік болған.Пентагон операцияны мейлінше жылдам, яғни Ресей әскері қорғанысын мығымдап үлгергенше сәуір айында бастауды ұсынған. Украина қолбасшылары қару-жарақты көбірек алып, оны әскерге үйретуге көбірек уақыт бөлу керек, шабуылды сонан кейін бастаған дұрыс деген ұстанымда болған.Америка әскери қызметкерлері Украинаға жеткізілген мол техниканы басты бағытқа пайдаланып, Ресей қорғанысын бұзып өтегуе болады деп есептеген. Олар Азов теңізіне тезірек шығу мақсатында оңтүстік бағытқа қуатты соққы беруді талап еткен. Украина қолбасшылығы тек оңтүстікте ғана емес, бірден үш бағытта шабуылға шығуды таңдаған. Шабуыл басталған соң Украина қолбасшылары үлкен шығынға батудан қауіптеніп, шешуші соққы жасаудан тартынған. Газет журналистері сөйлескен Украина әскери қызметкерлері шынайы соғыс пен теориядағы соғыс сай еместігін айтқан.Американың да, Украинаның да әскери қызметкерлері Ресей әскерінің қорғаныс мүмкіндігін лайықты бағаламаған, олардың жаппай миналап, үлкен шығынға ұшыраса да соғысқа шыға беретінін ескермеген.АҚШ барлау қызметі шабуылдың табысқа жететінін 50 де 50 деп бағалаған.Мақалада Украина қолбасшылығы қабылдаған шешімнің көпшілігінің артында Валерий Залужный тұрғаны айтылған. Оның шешімдерін, нақтырақ айтқанда Бахмут үшін күресті Украина президенті Владимир Зеленский де қолдаған.Шабуылды әзірлеуге белсене қатысқан Украинаның бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі шабуыл мамыр айына жоспарланғанын, бірақ оған бірқатар фактор кедергі келтіргенін айтқан. Оның ішінде Батыс берген техника жағдайының нашарлығы мен күн райы да бар.Washington Post жазуына қарағанда, шабуыл басында Украина әскері ауыр техникалық шығынға ұшыраған, кемі 20 "Брэдли" БМП-сы мен алты "Леопард" танкісінен айырылған. Жаппай көмілген мина алаңдары мен Ресей артиллериясы да кедергі жасаған. Осыған байланысты Залужный Запарожье облысының Работино ауданы арқылы "механикаландырылған жұдырықпен» Ресей қорғанысын бұзып өтуден айнып, жаяу әскер пайдалануға көшкен. Нәтижесінде Ресей қорғанысын бұза алмаған, 10-15 шақырым ғана алға жылжыған. Бастапқыда мұндай қашықтықтан бір күнде өтеміз деген жоспар болған.Қазан айында Ресей әскері Донецк облысындағы Авдеевкаға шабуыл бастаған соң Украинаның Запарожье облысындағы негізгі шабуыл күші - 47-брида сонда ауыстырылған. Washington Post жазуынша, бұл - Украина шабуылының тоқтағандығының белгісі. Залужныйдың өзі The Economist басылымына берген сұқбатында майдан тығырыққа тірелгенін мойындаған.Материал Киев пен Батыста соғыстың әрі қарайғы стратегиясы мен Украинаны қолдау мәселесі жөнінде саяси пікірталас жүріп жатқанда жарияланды. АҚШ Конгресі келесі жылы Украинаға берілуге тиіс көмек қаржыны әлі күнге мақұлдамаған, Ақ үйдің пікірінше, бұл жағдай Украинаға әрі қарай да қару-жарақ пен техника беруді қиындата түседі. Украина мақсаты өзгерген жоқ - елдің халықаралық деңгейде мойындалған шекарасына дейін елді азат ету. АҚШ пен оның одақтастары да Украинаны қанша керек болса, сонша қолдайтынын айтып отыр. Бірақ Ресеймен бітімге келу, келмеу мәселесін де Украинаның өзіне қалдырып отыр. Украина билігі мен АҚШ бұл мақалаға байланысты пікір білдірген жоқ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 мамыр 2024