Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

WSJ: ЦАХАЛ Газа секторында ХАМАС тоннельдеріне су толтыра бастады

azattyq.org

WSJ: ЦАХАЛ Газа секторында ХАМАС тоннельдеріне су толтыра бастады

Газа секторында Израиль армиясы (ЦАХАЛ) палестиналық ХАМАС тобы пайдаланатын тоннельдерді суға толтыра бастады. Бұл жөнінде Wall Street Journal басылымы жазды. ХАМАС тобы АҚШ және ЕО-да "террористік ұйым" деп танылған.

Вашингтонның пікірінше, бұл жиһадшылар оқ-дәрі мен қару-жарақтарын жасырып отырған тоннелдерді жойып, ХАМАС-тың инфрақұрылымын жоюға мүмкіндік береді. Операция бірнеше аптаға созылуы ықтимал.

Басылымның мәліметінше, кей Америка шенеуніктері теңіз суын жіберу Газа секторындағы тұщы суға қауіп төндіруі мүмкін, одан бөлек топырақты қауіпті заттармен ластайды ма деп те алаңдайды.

ЦАХАЛ тоннельдерді теңіз суымен толтыру туралы ақпаратқа түсініктеме бермеді. WSJ жазуынша, қараша ортасында Израиль әскері Әш-Шатыр босқындар лагерінен солтүстікке қарай 1,5 шақырым жердегі кемінде бес сорғыны орнату жұмыстарын аяқтады. The Jerusalem Post газетінің жазуынша, сол кезде тоннельдерді суға толтыру жұмыстары басталған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024