Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Жасыл аймақ": Ордабасы ауданында жалпыаудандық сенбіліктер...

turkistan.today

Жасыл аймақ: Ордабасы ауданында жалпыаудандық сенбіліктер...

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы «Жасыл аймақ» апталығында Ордабасы ауданына қарасты ауылдарда сенбіліктер ұйымдастырылуда. Шаралар барысында саябақтарда жалпы саны 685 ағаш әктеліп, жол бойындағы ғимараттардың қасбеттері сырланды,- деп хабарлайды turkistan.today Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.Сонымен қатар, орталық көшелердегі аялдамалар реттеліп, көше бойларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сенбілік барысында 500 түп гүл мен 50 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Орталықта орналасқан 35 көшеде жаяу жүргіншілер жолақтары қайта қалпына келтірілді. Жалпы тазалық акциясында 9 тонна қоқыс шығарылды. Аудандық ауқымды сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
5 мамыр 2024