Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Жасыл аймақ": Мақтаралда 10 мың түп гүл көшеті егілді

turkistan.today

Жасыл аймақ: Мақтаралда 10 мың түп гүл көшеті егілді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде 10 мың түп гүл көшеттері егілді,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.«Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағы мен «Жастар» гүлзарына, С.Жаштаев пен С.Қожанов көшелеріне түрлі гүл көшеттерін екті. Оның арасында раушан, сальвия және питуния сынды гүл түрлері бар. Көшеттер Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан әкелінуде. Сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсіпкерлік мекемелер де өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын қолға алған. «Мырзакент қызмет» мекемесі гүлдерді егіп қана қоймай, оларды күтіп- баптаумен де айналысады. «Егіліп жатқан гүлдердің өз ерекшеліктері бар. Сабағы нәзік болғанмен, тамыры қуатты. Гүл - кез-келген адамның көңіліне жылу сыйлайды. Әдеміліктің, сыйластықтың символы» - дейді мекеме директоры Тимур Адамбек.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024