Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды

ktk.kz

Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды

Конференцияның кезекті отырысында өткен жыл қорытындыланып, ерлер және әйелдер командасы бас бапкерлерінің есебі тыңдалды. ҚБФ жаңа басшысының сайлау отырыстың соңғы бөлігінде өтті.

Жаңа қызметінде алғаш рет сөз алған президент ҚБФ алдындағы міндеттерді бірлесіп орындаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол өзіне сенім артқан Қауымдастық мүшелеріне алғыс білдіріп, ортақ мақсатқа жету жолында өзінің бар күшін салатынын айтты.

«Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан боксын әрі қарай дамытуға, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғауға, ҚБФ ролін ел ішінде және халықаралық деңгейде арттыруға бар күшімді саламын. Биыл өтетін маңызды додалар қарсаңында команданың алдында үлкен бір мақсат тұр. Өз тарапымыздан дайындыққа қажетті барлық жағдайды жасауды жалғастыра береміз. Бірлесе еңбек ету арқылы отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз», - деді ҚБФ жаңа басшысы.

Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысындағы Казцик ауылында туған. Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдегі The Asia Pacific University of Technology & Innovation (APU) оқу орнында білім алған. Кәсіпкер, «Integra Construction KZ» ЖШС-ның бенефициар иесі.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 мамыр 2024