Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық ауыр атлет Азия біріншілігінде күміс медаль жеңіп алды

ktk.kz

Қазақстандық ауыр атлет Азия біріншілігінде күміс медаль жеңіп алды

Ол жұлқа көтеруде 153 келіні бағындырса, серпе көтеруде 166 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 343 келі көрсеткішпен 2-орынды иеленді. Естеріңізде болса, Александр Уваров Ханчжоу-2022 Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған болатын. Міне, бүгін Азия чемпионатында тағы да жүлделі орындардан өзін көрсете білді.

Бүгін сондай-ақ аталған салмақ санатында тағы бір ауыр атлетіміз Әлібек Рақымберді де сынға түскен болатын. Ол Сарықұрлық додасын 7-орынмен аяқтады. Осы салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атағын солтүстік кореялық Ри Чонг Сонг 369 келіні (169+200) бағындырса, қола жүлдеге түркіменстандық Гайгісіз Тураев қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін тағы бір ауыр атлетіміз Сайрамкез Ақмолда аталған біріншілікте тағы бір күміс медаль жеңіп алған болатын.

10 ақпанға дейін жалғасатын құрлықтық біріншілікте Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингілік ұпайлар үлестіріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024