Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболдан жастар құрамасына бас бапкер тағайындалды

almaty-akshamy.kz

Футболдан жастар құрамасына бас бапкер тағайындалды

Ол бұған дейін «Ақсу» клубында жұмыс істеген

Белгілі маман футболшы ретінде «Ертіс», «Энергетик-2», «Намыс», «Астана-1964» және «Гефест» секілді командаларында ойнаған Бауыржан Сағындық футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.

.Ал, бапкер ретіндегі жұмысын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған. 2017-2018 жылдары «Ертіс» ФК жастар футболын дамыту бағдарламасының басшысы қызметін атқарды. Сондай-ақ, Сағындық «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары Қазақстан U-20 құрамасында бапкерлер штабында жұмыс атқарған.

2022 жылы Бауыржан Сағындық «Ақсу» футбол клубына жаттықтырушылар штабына шақырту алып, бас бапкердің көмекшісі болып бекітілген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 мамыр 2024