Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Степногорск қаласында балаларға арналған аралас жекпе-жек залы ашылыпты

newsroom.kz

Степногорск қаласында балаларға арналған аралас жекпе-жек залы ашылыпты

Ақмола облысының Степногорск қаласында жаңартылған аралас жекпе-жек залы ашылды. Зал барлық санитарлық талаптарға жауап береді. Спорт нысаны спортшыларға ыңғайлы болу үшін - киім ауыстыратын бөлмемен, душ бөлмесімен, заманауи спорт құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Залда ересектер де, балалар да жаттыға алады,-деп хабарлайды Newsroom.kz

«Алтыналмас» қала құраушы компаниясы залдың жөндеуін және жабдықтандыруын қаржыландырды.«Біз Степногорск өңірінің балалары мен ересек тұрғындары спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын насихаттауы үшін аралас жекпе-жектің жаңа залын ашамыз. "Қазақалтын" «Алтыналмаспен» бірлесіп күрделі жөндеу жүргізіп, барлық талаптарға сай келетін осы кешенді жабдықтады. Біз қала құраушы алтын өндіруші компания ретінде қатысқан өңірдің тұрақты дамуын қолдаймыз. Біздің өңірдің дамуына қосқан осы үлес жергілікті тұрғындар үшін өз денсаулығын нығайтуға, жас ұрпақты физикалық тұрғыдан дамытуға тағы бір мүмкіндік болсын, осы қабырғалардан Қазақстанымызды дәріптейтін болашақ чемпиондар шықсын»,- деді «Қазақалтын» ЖШС Бас директоры Қайролла Жүрсінбаев.

Спорт кешеннің жалпы ауданы 230 шаршы метрді құрайды. Спорт залы 35 жаттығатын балаға есептелген.

«Қала әкімшілігі атынан" Алтыналмас " компаниясы тобына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс білдіреміз. Қала үшін мұндай әлеуметтік жобалар маңызды. Шын мәнінде бұл Степногорск қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту үшін жұмыс істейтін компания. Біздің жас ұрпақ, жас спортшылар қазір біздің елімізде осы танымал спорт түрімен айналысуға мүмкіндік алады»,- деді спорттық клубтың салтанатты ашылу рәсімінде Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Әбілова.

Бас бапкер - белгілі Аралас жекпе-жек спортшысы - Манарбек Шайхенов. Жауынгерлік самбо, ММА, панкратион бойынша Қазақстан чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА бойынша үш дүркін Азия чемпионы, армиялық қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы.Залда ММА, жекпе-жек және панкратион бойынша жаттығулар өткізіледі.Степногорск және жақын маңдағы кенттердің балалары үшін сабақтар тегін жүргізіледі.___________Анықтама:«Алтыналмас АК» акционерлік қоғамы – толық геологиялық, тау-кен өндіру және алтын өңдеу циклдерін қамтыған әрі қызметі диверсификацияланған компаниялар тобы. Алтынды кен Қазақстанның компанияның иелігіндегі 9 кенорнында өндіріледі. Қазақстандағы алтын өндірісі бойынша (2022 жылдың соңында компания 523 мың унция алтын өндірді), сондай-ақ ресурстық қордың көлемі бойынша ең ірі 3 алтын өндірушінің қатарына кіреді. Алтын өндіру кен орындарының саны бойынша үшінші орында, алтын өндіруші компаниялар арасында қатысу аймақтарының саны бойынша көшбасшы. Компания активтері Қазақстанның 4 өңірінде орналасты: Жамбыл, Қарағанды, Абай және Ақмола облыстары.Қосымша ақпарат алу үшін Гауһар Әбеуоваға хабарласуды өтінеміз, gaukhar.abeuova@altynalmas.kz

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024