Түркістандық балуандар 12 медаль еншіледі
Жуырда Ақтөбе қаласында қазақ күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті,- деп хабарлайды turkistan.today.Еліміздің 20 өңірінен мықты балуандар жиналып, боз кілем төрінде тартысқа толы белдесулер өткізді. Қазақ күресінен өткен жастар арасындағы ел біріншілігінде Түркістан облысының сайыпқырандары толағай табысқа жетті. Олардың еншісінде 2 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль бар. Нәтижелі өнер көрсеткен түркістандық балуандар командалық 3-орынды иемденіп, өңір мерейін үстем етті.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
3 мамыр 2024