Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қорғалжың қорығында 5 мыңға жуық қоқиқаз видеоға ілінді

inform.kz

Қорғалжың қорығында 5 мыңға жуық қоқиқаз видеоға ілінді

«Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қызметкерлері Қорғалжың қорығының Саумалкөл көлінен шамамен 5 мың қоқиқазды байқады. Видеодан қоқиқазбен қатар, Қазақстанның қызыл кітабына енген сұңқылдақ аққу мен ақбас үйректі де байқауға болады. Сонымен қатар жағалаудан объективке ілінбей қалған шамамен 500 ақбас тырна көзге түсті», - делінген қауымдастықтың Instagram-парақшасында жарияланған видео сипаттамасында. Мамандардың айтуына қарағанда, жылда осы мезгілде Қорғалжың қорығына әлуан түрлі құстар ұшып келеді. «Көктемде еріген қар су мол болып, көлдің деңгейі көтеріледі. Ал жазда су деңгейі төмендеп, әртүрлі құстар, оның ішінде қоқиқаз да ұшып келеді. Таяз көлде су тез жылынып, құстар қоректенетін балдыр мен басқа да жәндіктер жылдам көбейеді», - деп атап өтеді Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығынан. Видеодан алынған кадр/instagram.com/acbk.kz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024