Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жарғақ құлақ, жүні тықыр, арық: Қазақы ит тұқымдарының ортақ стандарты бекітілмек

inform.kz

Жарғақ құлақ, жүні тықыр, арық: Қазақы ит тұқымдарының ортақ стандарты бекітілмек

Бұйрықта қазақы иттердің тазы және төбет түрлерінің толық сипаттамасы берілген. Атап айтқанда, «жарғақ құлақ», «тықыр тазы» сияқты тазының тегіс жүнді түрлеріне (ілгегі мен шашағы жоқ) рұқсат етілетіндігі айтылады. Сонымен қатар стандарттың басқа параметрлерін сақтаған жағдайда ақау немесе кемшілік болып саналмайды. «Бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі - 103», - деп сипатталады стандартта тазы тұқымы жайында. Сонымен қатар төбет иттің де сипаттамасы берілген. «Шоқтығының биіктігі құйымшағындағы биіктікке тең. Басының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктің кемінде 40 пайызын құрайды. Дене тұрқының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктен шамамен 10 пайызға асып түседі, бұл ретте төбеттер қаншықтарға қарағанда біршама жинақы. Төбеттердің оңтайлы бойы 72 – 76 сантиметр, қаншықтардікі 68 – 72 сантиметр», - делінген стандартта. Бұйрық 2023 жылғы 1 шілде күні қолданысқа енгізілмек. Фото: mydog.press
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024