Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ернар Айдарды карантин кезінде ұтыс ойынын ойнатқаны үшін полицейлер алып кетті (ВИДЕО)

kaz.caravan.kz

Ернар Айдарды карантин кезінде ұтыс ойынын ойнатқаны үшін полицейлер алып кетті (ВИДЕО)

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. Соңғы уақытта ұтыс ойынын ойнатуды жиілетіп ұйымдастыратын жұлдыздар өте көп. Ол тізімнің алдыңғы қатарында Ернар Айдар да бар. Төрт көлік пен бірнеше пәтер сыйға тартқан Ернар Айдардың басы бұл жолы дауға қалған сияқты. Елімізде төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан ұтыс ойынын өткізіп жатқанда, әлдебіреулердің кіріп келгенін видеодан көре аласыздар. Көпшілік оларды полиция қызметкерлері деп топшылап отыр. Бұл жағдай тікелей ұтыс ойынына қатысты екендігін желі қолданушылары жазып жатыр. Мәселенің мән-жайын білуге әншінің көмекшісіне хабарласқан едік телефон сөндірулі. Дау немен аяқталғанын алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 мамыр 2024