Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазақстан құрамасына жаным ауырмайды» - Азамат Мұсағалиев футбол туралы

paryz.kz

«Қазақстан құрамасына жаным ауырмайды» -  Азамат Мұсағалиев футбол туралы

Бұған дейін де өзінің тарихи отанына деген махаббатын білдіре қоймаған Азамат бұл жолы да сол әдетінен жаңылған жоқ.

«Мен қазақпын. Бірақ, Қазақстан жанкүйерлері ренжімесін, футболдан Қазақстан құрамасына ешқандай сезімім жоқ, жаным ауырмайды. Өйткені, мен Ресей азаматымын және әрдайым Ресей құрамасына жанкүйерлік етемін. Қазақстан құрамасының ойындарын қарамаймын», - деді ол Cappuccino & Catenaccio Show каналында болған сұхбат барысында.

Еске салайық, жуырда ғана Азамат Мұсағалиев өнердегі әріптестерімен бірге Украинаның Ресей жаулап алған территориясына барып, соғысып жүрген орыс сарбаздарына тегін концерт қойып берді. Сондай-ақ, ол журналистерге сұхбат беріп, Путиннің Украина жерінде жүргізіп жатқан соғысын қолдайтынын айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 шілде 2024