Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бірқатар өңірде алдағы үш күнде 43 градус аяз болады

turkystan.kz

Бірқатар өңірде алдағы үш күнде 43 градус аяз болады

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Кәсіпорынның болжамынша, 2 қаңтар күні Алматы облысында ауа температурасы – 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градусқа дейін күрт төмендейді. Жамбыл облысының солтүстігінде 25-30 градус аяз болады. 2-3 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 32-37, кей жерде 42 градус аяз болады. Шығыс Қазақстан облысында 2-4 қаңтар аралығында 32-37, кей жерде 43 градус қатты аяз күтіледі. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024