Қызылордада 25 жастағы жігіт түн жарымда телемұнараға шығып алған
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында телемұнараға шығып алған жігіт құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне түнгі сағат 00.23-те 25 жастағы жігіт Негодалов көшесіндегі телемұнараға көтеріліп, қайта түсе алмай тұрғаны жөнінде хабар түскен. Департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы 1 техникамен, 5-інші өрт сөндіру бөлімшесінен 2 қызметкер 1 автосатымен оқиға орнына дереу жеткен. «Телемұнараға үш құтқарушы шықты. Мамандар жігітті 116 метр биіктен төмен түсірді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
2 мамыр 2024
2 мамыр 2024
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар