Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Су тасқыны: Республика бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралды

almaty-akshamy.kz

Су тасқыны: Республика бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралды

Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады.Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500-ден астам км бөген салынды. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 207 мыңнан астам текше метр су сорылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Республика бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралды. 6 726 адам эвакуациялау пункттерінде.

Су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 20 мыңнан астам адам, 2 772 техника, 335 су сору құралы және 249 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.

Бұған дейін Алматы қаласынан, Қарағанды облысынан Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған қорғаныс министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда.

Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күштері Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 мамыр 2024