Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады

newsroom.kz

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласының тұрғындары коммуналдық төлемдерден босатылады

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың хабарлауынша, зардап шеккен үйлердің тұрғындары сәуір, мамыр, маусым айларында коммуналдық қызметтер үшін төлемнен босатылады, деп мәлімдеді Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы,-деп хабарлайды Newsroom.kz Қазіргі уақытта Құлсары қаласы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етілуде. Электр қуатына барлығы 2870 үй қосылды, су басу аймағында орналасқан 3084 үйді газбен жабдықталды. ⁃ Тұрғындарға наурыз айына коммуналдық төлемдерді (ҚТҚ, электр энергиясы, газ және ауыз су үшін) төлеуге түбіртектер таратылады. Алайда, қала тұрғындары өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта есепшоттарды төлей алады, - деді Жұмабек Қаражанов. Сондай-ақ, аудан әкімінің хабарлауынша, Құлсары қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтерді көтеру фактілері тіркелмеген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 шілде 2024