Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді

baq.kz

Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді

Үлкен ылғал қоры бар Атлантикалық циклон өзімен бірге Қазақстанның солтүстік жартысына қар, батыс бөлігіне жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашынмен, тұманмен, батыста көктайғақпен жауын-шашын әкеледі. Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Атырау облысында жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Маңғыстау облысының түнде және таңертең батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 мамыр 2024