Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Міржақып Дулатұлы туралы сериалдың түсірілімі басталды

almaty-akshamy.kz

Міржақып Дулатұлы туралы сериалдың түсірілімі басталды

Міржақып Дулатұлы туралы телехикаяның түсірілімі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Тарихи туындыда Алаш қайраткерінің ұлт мүддесі жолындағы ерен еңбегі мен қилы тағдыры суреттеледі. 6 бөлімнен тұратын сериалды былтыр «Ахмет. Ұлт ұстазы» хикаясын түсірген шығармашылық топ қолға алды. Телехикаяда Міржақыптың қоғамдық-саяси қызметі, сол дәуірде басты ұранға айналған «Оян, қазақтың» шыққан уақыты көрсетіледі. Сонымен қатар, Алашорда кезеңі мен Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі ұлт зиялыларының қудалауы суреттеледі. Басты рөлдегі актер - Бақыт Қажыбаев. «Міржақыптай тұлғаны сомдау үшін үлкен дайындық қажет етеді. Барынша дайындалуға тырыстым. Әлі де күмән өте көп. Зерттейтін тұстары өте көп. Бұл енді съемка барысында режиссермен ақылдасып отырып, әңгімелесе келе тағы да көбірек дайындық болады деген үміт бар», - дейді басты кейіпкер рөліндегі актер Бақыт Қажыбаев. Бұл сериал – «Ұлт ұстазы. Ахмет» телехикаясының параллелі іспетті. Бұл туындыда да Әлихан Бөкейханның рөлін Бауыржан Қаптағай, Ахмет Байтұрсынұлын Байғали Есенәлиев ойнайды. Фильмге дайындық сәуірден басталды. Деректер зерттелді, естеліктер оқылды, мамандар тарихқа үңілді. Бұл ретте, сирек қолжазбалар қорынан 1910 жылы шыққан «Оян, қазақ» кітабы алынған. Оның көшірмесі жасалып, телехикая арқылы көрерменге ұсынылмақ. «Міржақып Дулатұлының басқа Алаш қайраткерлерінен ерекшелігі десе де болады, ол кісінің өзінің туған қызы Гүлнар Дулатова бертінге дейін біздің арамызда өмір сүрді. Өте мол мұра қалдырып кетті артына. Тек әкесі туралы емес, барлық алашордашылар жайлы. Бізге біраз қазына болды», - дейді «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясының режиссері Мұрат Есжан. Тарихи туындының түсіріліміне бас-аяғы 80 актер қатысып жатыр. Сондай-ақ, 200-дей адамның қатысуымен көпшілік сахналары түсіріледі. Режиссерлік топ түсірілімді қазан айында аяқтайды. Ал «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясын көрермен назарына ұсыну желтоқсанға жоспарланған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024