Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қатты аяз салдарынан күре жолда фура тұрып қалды

alashainasy.kz

Қатты аяз салдарынан күре жолда фура тұрып қалды

Қатты аязға байланысты республикалық күре жолда фура тұрып қалды. Жолшылар жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАвтоЖол баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жолшылар "Омбы-Майқапшағай" республикалық трассасының 598 шақырымында тұрып қалған фураның жүргізушісіне көмектесті. Қатты аяз салдарынан жүк көлігінің дизель отыны қатып, көлік межелі жерге жете алмаған. Күнделікті бақылау жұмыстарын атқарып жүрген жолшылар жол бойында тұрып қалған фураны байқаған. Жолшылар жүк көлігін жақын жердегі көлік тұрағы қарастырылған демалыс алаңына сүйреп апарып, жүргізушіні жылыту пунктіне жеткізген. Жүк көлігінің жүргізушісі мамандарға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Естеріңізге сала кетейік, штаттан тыс жағдай туындаған кезде республикалық автожолдарды пайдаланушылар ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының 1403 қысқа нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс жасайтын колл-орталығына жүгіне алады. ВИДЕО: https://t.me/qazavtojol/603 Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024