Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Конституциялық сотқа қаңтарда Астана мен Алматы тұрғындары көбірек жүгінген

informburo.kz

 Конституциялық сотқа қаңтарда Астана мен Алматы тұрғындары көбірек жүгінген

Қаңтар айында Конституциялық бақылау органына 800-ден астам өтініш түсті, деп хабарлады Конституциялық соттың баспасөз қызметі. Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан қабылданған. Өтініш берушілердің басым бөлігі (36%) әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспей шағымданған. Кейінгі кезекте – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%). Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағым саны 14 пайызды құрады. Бұлардан бөлек, аталғандармен қатар, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түскен. Оқи отырыңыз: Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күші жойылды деп тану жөнінде қаулы шығарды
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024