Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балаға қатысты зорлық-зомбылықты жасырған ата-анаға жаза күшеймек

inform.kz

Балаға қатысты зорлық-зомбылықты жасырған ата-анаға жаза күшеймек

«Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобына кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық жасау фактілерін жасыратын ата-аналарға немесе заңды өкілдерге қатысты қылмыстық жауаптылықты енгізу бөлігінде ұсыныстар енгізу көзделеді», - делінген құжатта. Мұнымен қатар, қолданыстағы өзге де заңнамаға өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. «Қолданыстағы заңнамаға сот құқық бұзушының (агрессор) кәмелетке толмағандарға қатысты мінез-құлқына қойылатын ерекше талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу қарастырылады», - деп көрсетілген кешенді жоспарда. Бұл орайда, балаға агрессия көрсеткен адам сотқа дейін бүлдіршінмен бірге тұрмайды. Яғни, құқық бұзушы тұрғын үйден уақытша шығарылады. Жоспарға сай, аталған жұмыстар биылғы жылдың үшінші тоқсаны мен келесі жылдың бірінші тоқсанында кезең-кезеңімен қолға алынады. Бұған дейін балалардың құқығын қорғауға бағытталған екі жылдық кешенді жоспар бекітілетінін хабарлап едік.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024