Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Баршылықтан емес": Гүлнұр Оразымбетова халық неге той жасайтынын ашық айтты

alashainasy.kz

Баршылықтан емес: Гүлнұр Оразымбетова халық неге той жасайтынын ашық айтты

Отандық әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова қаламақысының қанша екенін баяндап, құпиясын бөлісті. Өнер иесі той иесінің жағдайын ескеруге тырысатынын NEGE.KZ сайтына берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Той-томалаққа шақырту жиі түседі. Бірақ қатып қалған қаламақым жоқ. Той иесінің жағдайын ескеруге тырысамын. Себебі, қазіргі уақытта елдің бәрі баршылықтан емес, баласының қызық-қуанышын көппен бөлісейін деп той жасайды. Өзін мақтан тұтты деп ойламаңыз, бірақ бұлайша қарашаның қалтасына қарайтын әншілер өте аз", - деді Гүлнұр Оразымбетова. Сонымен қатар әнші уақыт өте келе ақылы сұхбат беруі мүмкін екенін де жасырмады. "Өз басым сұхбат бергені үшін ақы сұраған аға буын өкілін естімеппін. Бірақ сұраса да, оның ағаттығы жоқ деп білемін. Себебі, ол кісілердің халыққа еңбегі сіңді. Ал еңбекті бағалаудың әбестігі жоқ. Кім біледі, бәлкім уақыт өте келе мен де ақылы түрде сұхбат беруім мүмкін. Негізі айтарым, көп нәрсені жұртқа айта берудің қажеті жоқ, құпия сақтай білу қажет. Кейін реті келгенде ғана бөлісуге болады", - деді Гүлнұр Оразымбетова. Естеріңізге сала кетейік, Гүлнұр Оразымбетова осыған дейін жас көрінуінің құпиясын бөліскен болатын. KAZ.NUR.KZ.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024