Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Автокөлік жолдары саласында үш жаңа жоба іске асырылмақ

alashainasy.kz

Автокөлік жолдары саласында үш жаңа жоба іске асырылмақ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков жол саласындағы жаңа жобалар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуетті жобаларға тоқтала кетсем, жобалау процесінде 3 жаңа жоба бар. Атап айтқанда, бұл ретте Орал қаласының оңтүстік-батыс айналма жолымен «Атырау-Орал» (521 шақырым, 13 учаске), «Жезқазған-Қарағанды» (513 шақырым, 12 учаске), сондай-ақ «Ақтөбе-Ұлғайсын» (262 шақырым, 7 учаске) жолдары қамтылып отыр. Жобалау жұмыстарды биыл аяқтап, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады», - деді А. Беков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, былтыр Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Ақтөбе-Ұлғайсын» автожолының құрылысын қаржыландыру тетіктерін анықтауды тапсырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 92 пайызға және жергілікті желі бойынша 87 пайызға дейін жеткізілмек.

Жыл аяғына дейін «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша жол учаскелері ашылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024