Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Швецияда өтетін ірі әскери жаттығуға 14 елден 26 мың жауынгер қатысады

azattyq.org

Швецияда өтетін ірі әскери жаттығуға 14 елден 26 мың жауынгер қатысады

17 сәуір мен 11 мамыр аралығында Швеция кейінгі 25 жылда алғаш рет аса ірі әскери жаттығу өткізеді. Оған 14 елден 26 мың жауынгер қатысады. Көпшілігі АҚШ, Ұлыбритании, Финляндии, Польша, Норвегия, Латвия, Литва, Дания, Австрия, Германия, Франция секілді НАТО мүшелері. Арасында Украина да бар. Бұл ақпаратты Халықаралық француз радиосы хабарлады.Швеция НАТО-ға мүшелікке алу жөнінде 2022 жылы мамырда Финляндиямен бірге өтініш берген. Ресейдің Украинаға жаппай басып кіргені Швецияның екі ғасырға созылған бейтараптығына нүкте қойған.4 сәуірде Финляндия ресми түрде НАТО-ның 31-мүшесі болды. Швеция кандидатурасына әлі күнге дейін Түркия ямен Венгрия кедергі келтіріп отыр.Түркия билігі Швециядан күрд сепаратистерін экстрадициялауды талап етті. Реджеп Тайып Ердоған олар 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынғандардың арасында болды деп санайды.Халықаралық француз радиосы Швеция 1990 жылдары НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" бағдарламасына қосылғанын айтады. Бірақ толық мүше болмай НАТО жарғысының 5-бабына арқа сүйей алмайды. Бұл бапта НАТО тек өзіне мүше елдерді ғана сыртқы агрессиядан ұжым болып қорғайтыны көрсетілген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024