Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көрме Жеңіс сыйлаған батырларға арналды

almaty-akshamy.kz

Көрме Жеңіс сыйлаған батырларға арналды

Көрмеге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер әскери-тарихи музейінің және Алматы музейінің қорынан алынған жәдігерлер қойылды.

Ұлы Отан соғысы батырларының фотосуреттері, құжаттары, жеке кешендері мен марапаттары және соғыс кезіндегі қару-жарақтар көптің көзайымына айналды.

Сонымен қатар Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және 1945 жылы Жеңіс шеруіне қатысушы, Қазақ КСР Ішкі істер министрі Андрей Георгиевич Платаевтың әскери киімдері және медальдары көрме экспозициясына қойылды.

Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейінің қызметкері Асқар Абдуалиұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Арман Қабдешұлы, жазушы, тарихшы Елена Георигевна және Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназия мектеп оқушылары қатысты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024