Су басқан үйлеріне оралған қазақстандықтардың саны 35 мыңнан асты
Бірқатар өңірдегі қазіргі жағдай туралы Төтенше жағдайлар министрлігің ресми өкілі Асқар Шәріп айтып берді.
«Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 082 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 35 122 адам өз үйіне оралды және 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Дереккөз: Kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
6 мамыр 2024