Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда мопед мінгендер жүргізуші куәлігін алып, сақтандыру полисін рәсімдейді

ktk.kz

Қазақстанда мопед мінгендер жүргізуші куәлігін алып, сақтандыру полисін рәсімдейді

«Қазіргі кезде Ішкі істер министрлігі (Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген) тиісті заң жобасының талқылауына қатысып жатыр. Құжатта мопедтерді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдарының тізбесіне енгізу ұсынылды. Сонымен қатар, мопедтерді механикалық көліктерге теңестіру, механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне қойылатын талаптарға сәйкес мопед жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттерін айқындау ескерілген», - делінген Ішкі істер министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Мұнымен қоса, мопед жүргізушілеріне «А1» санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы туралы (16 жастан бастап беріледі) талап қою ұсынылды. Бұл өз кезегінде әрбір мопедті тіркеуге және тиісінше олардың жүргізушілеріне механикалық көлік құралдарының жүргізушілері үшін қарастырылған талаптарды қоюға мүмкіндік береді. Осы ретте, жүргізуші куәлігін алу, сақтандыру полисін рәсімдеу, көлік құралына техникалық тексеру жүргізу және басқа да мәселелер шешіледі.

«Аталған заң жобасы қабылданғаннан кейін мопед жүргізушілері жолдағы көлік қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне ұқсас жауапкершілікке тартылады. Яғни мопед жүргізушісі механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне жүктелген жауапкершіліктің барлық спектрін көтереді», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Дереккөз: Kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 мамыр 2024