Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Аралды тірілту операциясы қалай жүргізілуде?

newsroom.kz

Аралды тірілту операциясы қалай жүргізілуде?

“Аралды тірілту” операциясының басқарушысы Алтай Айнабектің “Қайт” деректі фильмі YouTube желісінде жарыққа шықты. Аталмыш фильм қалың көпшілікті Арал жағдайымен таныстырды. Әзірге 3 бөлімі жарық көрген туындыда Алтай Айнабек барлық жұмыс процесстерімен бөлісті,-деп хабарлайды newsroom.kz

Ақпараттарға сүйенсек, Орталық Азияда жүздеген мың адамның адамның назарында тарихи жағдай орын алды. Бір аптада, 50 млрд тонна су Арал бассейіне кіретін жер аумақтарға құйып жатыр. Бұл шамамен Арал теңізінің жиырмадан бірі екен. Арал теңізін жаңбыр суымен толтырамын,-деп мақсат еткен Алтай Айнабектің айтуынша, “Әлемдік метерология ұйымының классификациясы бойынша бұлттың 10 түрі болады, Оның үшеуінен жауын-шашын шығады. Қазіргі тәтижеміз өте жақсы.Жұмыс басталғалы мұхиттан атмосфералық ылғал Арал акваториясына тынымсыз келіп жатыр,біз ойлағаннан да жақсы. Ендігі локализация кезеңі- керек жерге жаудыру туралы жұмыстану керек”- дейді ол.

Сондай- ақ аталмыш жаңа жобада ең бастысы су ресурстары маңызды рөл ойнайды.

“Су ресурстары алтын, мұнай секілді құны жылдан жылға артып келе жатқан байлық. Судың Орталық Азия мемлекеттеріне , Аралға су құю қаншалықты маңызды екенін жеткізгім келеді”-дейді Алтай Айнабек.

Айта кетелік, Аралды тірілту операциясының 10 күнінде Аралда шөп өсіп, мал жайылып, тіршілік пайда бола бастады. “Қайт” деректі фильміне сүйенсек, Алтай Айнабектің инновациялық технологиясы арқылы жаңбыр жауып, аумақта ылғалдық күшейген.

Сондай-ақ климаттың күрт өзгеруіне жергілікті халықта өз пікірлерін білдірді.

“Халық болып қаржы жинап осы жігіттің ойын, ғылымын дамытып жіберсек”, “Аралдың тартылуы бәріміздің басымыздағы мәселе”, “Қазақтан осындай адам қашан шығады екен деп жүруші едім”, “Қазағымның маңдайына біткен жарық жұлдыз”, “Аралым елім жерім отаным деп жанын беретін нағыз жанашыр қаны қазақ ғалым”- деп жазды көпшілік.

Перизат Жайырбек

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024