Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Барып тұрған надандық»: Айгүл Орынбек Гүлзира Айдарбекованың әрекетін қатаң сынады

kaz.365info.kz

«Барып тұрған надандық»: Айгүл Орынбек Гүлзира Айдарбекованың әрекетін қатаң сынады

Қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек Қайрат Нұртастың анасының әрекетін сынап, пікір білдірді. Оның жазуынша, жасы қырыққа таяған баласының әрекетін әлеуметтік желіде жырлап отыру ұят тірлік. «Мамасының баласы десе, мән бермейтін едім, айналдырған 15 күнді, он бес жыл алғандай жоқтады! Баласы кінәсіз болса мақұл екен, ел алдында жүрген жұлдыз ішіп алып төбелесу – ол қоғамдық ортада тыныштықты бұзу! Жас болса мақұл екен жастықпен жасады ғой дейтін, жасы қырыққа келген баласының іс әрекетін күнде әлеуметтік желі арқылы жырлап отыру, бұл енді барып тұрған надандық! Журналистер! Әділетсіздікке тап болып шырылдаған аналардың жан айқайын дәл осылай шығарсаңдар ғой шіркін! «Баламның іс әрекеті дұрыс емес, бұл отбасымызға менің жасаған жұмысыма үлкен сын» деп бұл тақырыпты сол кезде жабу керек еді! Алайда, баласынан батыр жасап, оны ақтап қайта-қайта мен анамын деп емірене беру баланың жасаған заң бұзушылығын қолдау! Баласы елін қорғап соғысқа барып келсе, қоғамдағы жемқорлықпен күресіп жүрсе мейлі екен, оны түрмеден жарияға жар салып күтіп алу – бұл енді масқара! Қырыққа келіп өзі жасаған ісіне өзі жауап бере алмай анасын араластыру, бұл – ҰЯТ! Бұл біздің қоғамда – әлсіз мамасының балалары көбейіп кеткендігінің айқын көрінісі! Менімен келіспей «ол ана баласын әрине қорғайды» дейтін шығарсыздар! Балам екен деп барлық жерге мұрнын сұға беру, баланың келесі қылмысқа жол ашуына мүмкіндік беру! Еркек – еркекше шешім қабылдап, жауапкершілікті мойнына алатын уақытты, өзіне қалдыру керек! Қазіргі уақытта заңды көбінесе мамасының етегінен шыға алмайтындар бұзып жатыр!», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. Еске салсақ, таяуда әнші Қайрат Нұртас үшақтағы шуға байланысты 15 тәулік темір торда отырып шықты. Оның қамауда отырған кезде анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде баласына сағынып жүргені туралы жиі пост, видео салған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024