Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

12 жасында босанған оқушының баласының әкесі кім?

kaz.365info.kz

12 жасында босанған оқушының баласының әкесі кім?

Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде ауыл мектебінде оқитын 12 жастағы қыз босанды. Ол облыстық перинаталды орталықта қыз баланы дүниеге әкелген. Бұны өңірдің білім беру басқармасы растады. Айтуынша, оқушы Шарбақты ауданындағы мектептердің бірінде оқиды. Биыл 6-сыныпты бітірген. Оқушының жүктілігін ұстаздары сәуір айында байқап, бірден ата-анасына хабар беріпті. Осы жағдайдан кейін мектеп директоры өз еркімен жұмыстан кеткен. Ал осы ауданның білім беру бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді. «Мектеп директоры жұмыстан кету туралы арыз жазуына байланысты қызметінен босатылды. Білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді», – делінген жауапта. Оқушы қыз өзінің туысқанынан жүкті болып қалған. Ол да кәмелет жасына толмаған бала. Қазір осы іске қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған балаға зорлық-зомбылық көрсету фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Жаңа туған нәресте қазір анасының қасында. Баланың әкесі анықталды. «Жәбірленушінің туысы күдікті деп танылды. Қамауға алынды. Ресми емес ақпарат бойынша 14 жасқа дейінгі балалардың басым көпшілігі жыныстық қатынасқа түсіп үлгерген. Сондықтан бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешуіміз керек. Шешкенде тыйым салу арқылы емес, ағартушылық жолмен шешуіміз маңызды. Ал заң бойынша баланың тәртібі мен тәрбиесіне ата-ана жауапты. Сол себепті тәрбиені мектепке ысыра салу дұрыс емес», – деді Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенева. Қызды зорлау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Іс сәуір айында тіркелген. Қазіргі уақытта сот-психиатриялық сараптама жүргізілуде. ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде басқа да мәліметтер жариялауға жатпайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024