Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Йоу, орыстар» деген әнді шырқағаны үшін 10 күнге қамалды

kaz.365info.kz

«Йоу, орыстар» деген әнді шырқағаны үшін 10 күнге қамалды

Алматының әкімшілік соты белсенді Мария Кочневаны музыкалық фестивальде «Йоу, орыстар» деген әнді шырқағаны үшін 10 тәулікке қамауға алды. Сот Кочневаны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Оның үстінен ұсақ бұзақылық бабы бойынша іс қозғалып, әкімшілік сотқа жіберілді. Бап бойынша 10 АЕК (36,9 мың теңге) көлемінде айыппұл салу немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу қарастырылған. «Мен өз сөзімде ешқандай жаман ниет айтқан жоқпын. Бұл шын мәнінде TikTok желісінде трендтегі ән. Мен оның мазмұнын білмеймін», – деді Кочнева. Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының тұрғыны Мария Кочнева фристайл рэпте ресейліктерге қарсы ән шырқағаны үшін Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне шақырылған еді. Кочнева орындаған ән Украинада соғыс басталғаннан кейін трендке айналған. БАҚ-та танымал болғаны сонша, ән барлық әлеуметтік желілерде бірінші орынға ие болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024