Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бас прокуратура: Қазпоштаның 68 қызметкері жауапкершілікке тартылды

kaz.365info.kz

Бас прокуратура: Қазпоштаның 68 қызметкері жауапкершілікке тартылды

Қазпошта қызметінде азаматтардың жолданымдарын тіркемеудің 10 мыңнан астам фактісі анықталды. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қазпошта» АҚ қызметінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының сақталуына, сондай-ақ статистикалық есептің дұрыстығына тексеру жүргізді. Тексеру барысында жолданымдарды тіркемеудің 10 мыңнан астам фактісі, 2 мыңға жуық мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалау, 249-жолданымдарды уақтылы тіркемеу, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзудың 94 фактісі және өзге де кемшіліктер анықталды. «Бұдан басқа, «Қазпошта» АҚ пайдаланатын электрондық құжат айналымы жүйесін құжаттау, пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық актілер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес келмегені анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық органдары заңдылықтың бұзылуын жою туралы 21 ұсыну енгізді, 20 әкімшілік іс қозғалды. Қадағалау актілерінің қаралу нәтижесінде 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке және 20-сы әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына хабарланбаған бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай-ақ алаяқтық фактілері анықталды, осылайша аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар есепке алынбай, олар бойынша процестік шешім қабылданбаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024