Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шалабайдың аруағы бәле болды - қазақ балуаны емші Ұлықбек Смановтың образын жыртып тастады (ВИДЕО)

paryz.kz

Шалабайдың аруағы бәле болды - қазақ балуаны емші Ұлықбек Смановтың образын жыртып тастады (ВИДЕО)

Балуан Мақсат Есболат өзінің бразилиялық қарсыласы Лукас Оливейрамен «Face to Face» кезінде үстіне жылтыр шапан, басына үкілі тақия киіп, қолына Шалабай ата деген жазуы бар қағаз алып шықты. Ол сахнада қағазды жыртып, мойындағы ұзын моншағын үзіп, тақиясын жерге атып ұрды. Одан кейін киімін жыртып, шешіп тастады. Видеоның өзі шымкенттік емшінің тик-токта хит болған сөздерімен берілген. Еске салсақ, алты баланы асырап алып, оларды жылдар бойы қорлаған Ұлықбек Сманов жуырда сот шешімімен жындыханаға түскен болатын. Желіде көпшілік балуанның қылығына қатысты түрлі пікір қалдырып жатыр. «Шалабайдың аруағы бале болды», «Шешетінің бар неге кидің, жұртты күлдірем деп мазақ болдың-ау», «Шалабайдың деңгейіне түсіп не болды, ондай өтірік тәуіп көп емес па?» деп жазған желі қолданушылары.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024