"Бір жұмыртқаға 3 теңге: құс фабрикаларын субсидиялауға 6,5 миллиард теңге бөлінд

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz -қа сілтеме жасап хабарлайды. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидасына тағамдық жұмыртқаны субсидиялауды қосу туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", - делінген хабарламада. Қағида 2022 жылдың 30 маусымында ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Осылайша, отандық жұмыртқа бағытындағы құс фабрикалары 1 шілдеден бастап бір жұмыртқа үшін 3 теңге мөлшерінде субсидия алуға өтінім бере алады. Биыл тағамдық жұмыртқаны субсидиялауға республикалық бюджеттен 6,5 миллиард теңге бөлінді. 2021 жылы жұмыртқа құс шаруашылығын қолдауға 4,3 миллиард теңге бағытталды. 2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанда құс саны 3,7% – 47,1 миллион басқа дейін өсті. Тауық жұмыртқасының өндірісі 12,1% артып, 1559,5 миллион дананы құрады. Ішкі нарық тағамдық жұмыртқамен 100% қамтамасыз етіледі.
- Соңғы
- Шілде, 04
-
- Маусым, 30
-
- Маусым, 27
-
- Маусым, 24
-
- Маусым, 23
-
- Маусым, 19
-
- Маусым, 17
-
-
- Маусым, 16
-
-
- Маусым, 13
-
- Маусым, 10
-
- Маусым, 09
-
- Маусым, 05
-
- Маусым, 02
-
-
- Мамыр, 30
-
- Мамыр, 22
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар