АҚШ, Британия, Канада және Жапония Ресейден алтын импорттауға тыйым салады

azattyq.org

АҚШ, Британия, Канада және Жапония Ресейден алтын импорттауға тыйым салады

"Жетілік топтың" (G7, "Үлкен жетілік" деп те аталады - Ред.) төрт елі – Ұлыбритания, АҚШ, Канада мен Жапония Ресейден алтын импорттауға тыйым салғалы отыр, олар мұны Украинаға басып кіргені үшін Ресейге салынған санкцияны қатайта түсу шарасы деп санайды. Бұл жөнінде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон жексенбіде, "Жетілік топтың" Германиядағы саммитін ашу рәсімінде айтты.Бұған дейін Reuters агенттігі Ресейден алтын импорттауға G7 тобының барлық мүшесі қарсы екенін, оның ішінде Франция, Германия мен Италияда бар екенін хабарлаған. Алайда олардың Ресей алтынын импорттауға тыйымға қосылғаны жөнінде әзірге хабар жоқ.Еурокеңес басшысы Шарль Мишель Еуропа одағы Ресейден алтын импорттауға тыйым салу мәселесін зерделейтінін, бұл шара Еуропа одағының экономикасына зиян келтіре ме, жоқ па деген мәселені бағалау қажеттігін мәлімдеді. Бірақ АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды шенеунігі жексенбі күні "саммит қорытындысында "жетілік" елдері Ресей алтынына эмбарго туралы ортақ шешімге келеді деген үміт барын" мәлімдеді.Джонсонның сөзінше, бұл шара кейінгі кездері активтерін алтынға ауыстыра бастаған Ресей олигархтары мен "путиндік соғыс мәшинесіне" соққы болады. Халықаралық алтын саудасындағы Лондонның рөлі мен АҚШ, Жапония және Канаданың ықпалын ескере қарағанда, бұл – халықаралық рыноктарға зор ықпал ететін шара болады" дейді хабарда.Былтыр алтын экспорты Ресей экономикасына 15 миллиард доллар әкелген. Тыйымның Ресейдің әлем рыногына шығып қойған алтынына қатысы болмайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2022