Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қазақтелеком» Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзды

kznews.kz

«Қазақтелеком» Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты бұзды

«Қазақтелеком» АҚ Елбасының кенже қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments ЖШС-мен ынтымақтастығын тоқтатты. Компания бұл шешімнің абоненттерге әсер етпейтініне сендірді. «Қазақтелеком» келісім-шартты бұзу туралы алғаш рет сәуір айының басында айтты. Ынтымақтастық 2022 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарланған болатын. Orda.kz тілшісі келісім-шарттың қалай жүріп жатқанын білуді жөн көрді. «Instant Payments» ЖШС-мен келісім 2022 жылдың 27 мамырынан бастап бұзылды, бұл туралы хабарлама 2022 жылдың 25 ақпанында бұзу күнінен 3 ай бұрын жіберілді» делінген Оrda.kz редакциясы сауалына жауабында. «Қазақтелеком» Әлия Назарбаеваның компаниясымен ынтымақтастықтың тоқтатылуы абоненттерге ешқандай әсер етпейтініне сендірді. Өйткені ұлттық компания банктермен және төлем және қаржылық қызметтерді жеткізушілермен жұмыс істеуді бастап кеткен. Мұнда келісім шарттарына сәйкес абоненттерден комиссия алынбайды. Жаңа жеткізушілермен келісім-шарттар да осылай жасалады. «Қазақтелеком» заманауи пайдаланушының талаптарына жауап беретін жаңа буын терминалдарын орнату мәселесімен айналысуда. Бұрын пошта бөлімшелерінде орнатылған терминалдар моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. Оларды одан әрі күтіп ұстау экономикалық тұрғыдан мүмкін емес, осыған байланысты компания өз терминалдар желісі бар контрагенттермен келісім жасасуды жоспарлап отыр» деп түсіндірді Қазақтелеком. Айта кетсек, ҚТЖ Әлия Назарбаеваның компаниясымен келісімшартты әлі бұзған жоқ. Оның үстіне 1 мамырдан бастап агрегаторлық компаниялар үшін комиссия әрбір теміржол билетіне 46,65 теңгеге дейін өсті. Orda.kz редакциясының сұрауы бойынша ҚТЖ INSTANT PAYMENTS мен агрегаторлық компаниялардың ынтымақтастығы акционерлік қоғамның бақылауында емес екенін хабарлады. Бірақ комиссияның көтерілуі дәл ҚТЖ-мен байланысты болды. «Жол жүру құжаттарын (билеттерді) беру және сату саласында жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы инфляция деңгейін ескере отырып, тарифті 5%-ға көтеру туралы шешім қабылдады» деді компания. Orda.kz редакциясы келісім-шартты бұзудың жай-жапсарын білу үшін ҚТЖ-ға сауал жолдағанымен, жарияланған уақытта одан жауап алмады. Әлия Назарбаева «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ-ға делдалдық қызмет көрсететін «Instant Payments» ЖШС құрды. Елбасының қызының компаниясы интернетте пойыз билеттерін сату жүйесіне қызмет көрсетуді жалғастыруда және ұлттық байланыс операторынан төлемдер қабылдайды. Сайттың мәліметінше, INSTANT PAYMENTS «Қазақтелеком» төлем жүйесінің операторы болған. Ол абоненттерге Қазақстандағы 18 000-нан астам сауда нүктелеріне онлайн режимде қол жеткізуге мүмкіндік берді. INSTANT PAYMENTS пойыз билеттерін сату үшін ҚТЖ мен агрегаторлық компаниялардан алатын өзінің тұрақты комиссиясын белгіледі. Қазір агрегаторлар әр билет үшін 44,8 теңге төлейді. Ақпанның 1-інен бастап Әлия Назарбаеваның ЖШС-і комиссияны 67 теңгеге дейін көтеруді жоспарлаған болатын. ҚТЖ мен INSTANT PAYMENTS арасындағы келісім 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоғыз жылға жасалды. Ақпан айының басында компаниялар жолаушылар пойыздарына электронды жол жүру құжаттарын беру мен сатуды ұйымдастыру бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды. 8 сәуірде INSTANT PAYMENTS әлі де онлайн билеттерді сататын агрегаторлық компаниялар үшін комиссияны көтеретіні белгілі болды. 2022 жылдың 1 мамырынан бастап олар әр пойыз билеті үшін 46,65 теңге төлейді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024