Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН

petropavltv.kz

АҢШЫЛЫҚ ҮШІН 1,5 МЛН ГЕКТАР ЖЕР БЕРІЛГЕН

Алматы мен Жетісу облысында орманды жерлерді жекелеген адамдар аң шаруашылығы үшін пайдалануға алып алған. Ал жергілікті халық мал жайып, шөп шабатын жер таппай отыр. Өңірдегі өзекті мәселе бүгін Мәжілісте көтерілді. Депутат Зәкіржан Кузиевтің айтуынша, Алматы облысының Кеген ауданында орман қорының 415 мың гектар жері 12 адамға ғана тиесілі. Райымбек ауданында 523 мың гектарды небәры 11 адам аң шаруашылығы үшін қоршап алған. Ал Ұйғыр ауданында 6 адам 415 мың гектар жерді өзара бөліп алыпты. Бұл осы аудандағы орманды жерлердің 97 пайызын құрайды. Жайлау қожайындары аң аулап, саят құру үшін ғана келеді, дейді депутаты. ЗӘКІРЖАН КҮЗИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: - 1,5 млн гектар жерге қазір 30 адам ие болып отыр. Мен ойлаймын, ол дұрыс емес. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған қаласында тұрады. Сол жерге келіп, 1-2 күн болады да кетеді. Ал сол жерде тұрып жатқандар, ауылда мал бағып жатқандар сол жерге малын шығара алмайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 сәуір 2024