Мемлекет басшысы Мырзатай ауылындағы құс фабрикасының жұмысымен танысты

Президент Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Байзақ ауданы Мырзатай ауылындағы «Әулие Ата Феникс» құс фабрикасына барды, — деп хабарлайды akorda.kz. Мемлекет басшысы өндіріс орнындағы цехтарды аралап көрді. Президентке құс фабрикасының жетекшісі Фарида Жүнісова кәсіпорынның жұмысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта голланд технологиясымен 1 миллион балапан өсіретін өндіріс орнында 250-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын 8 мың тонна бройлер етін өндіреді, сондай-ақ өнім ішкі нарыққа жеткізіледі және Ресейге, Қырғызстанға экспортталады. Биыл құс фабрикасының өндірістік қуатын 12 мың тоннаға дейін арттыру үшін жалпы құны 1,4 миллиард теңгені құрайтын 6 нысан салу жоспарланып отыр. Кәсіпорын жұмысымен танысу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құс шаруашылығының дамуы жөнінде мәлімет берілді.
- Соңғы
- Шілде, 04
-
- Маусым, 30
-
- Маусым, 27
-
- Маусым, 24
-
- Маусым, 23
-
- Маусым, 19
-
- Маусым, 17
-
-
- Маусым, 16
-
-
- Маусым, 13
-
- Маусым, 10
-
- Маусым, 09
-
- Маусым, 05
-
- Маусым, 02
-
-
- Мамыр, 30
-
- Мамыр, 22
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар