Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Премьер азық-түлік бағасы жайында: Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырған жоқпыз

ktk.kz

Премьер азық-түлік бағасы жайында: Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырған жоқпыз

«Біздің міндетіміз – 2023 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейін 10 пайыздан асырмау. Бұған қол жеткізуге әбден болады. Тек бұл үшін барлық өңірдің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе, маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру бойынша белсенді жұмысы қажет. Сіздерде қажетті құралдардың бәрі бар. Біз өткен жылғы егіннен қажетті қор жинақтап алдық. Сондықтан, белгіленген бағамен көкөніс өнімдерінен тапшылық болмауы тиіс еді. Әкімдерге бағаны ұстау үшін қажетті тетіктердің барлығын бердік. Қаржы да бөлінді. Бірақ баға бәрібір өсіп жатыр. Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырған жоқпыз», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында. Оның атап өтуінше, жергілікті жерлерде аталған мәселеге салғырт қараудың салдарынан бағаның өсуі тоқтайтын емес. «Мәселен, өңірлерге пияз бойынша келісімшарт жасау тапсырылды. Әкімдер өнім көлемі жеткілікті деп бірнеше рет айтты. Онда пияз неліктен қымбаттады? Келісі – 400 теңге! Біздің елімізде пияз көп өседі. Алайда, бағаны төмендету үшін пияз экспортына тыйым салып, шұғыл шаралар қабылдауға мәжбүр болдық. Біз бірінші кезекте, өнім өндірушілерді қаржыландыру үшін форвардтық сатып алу механизмдерін қайта қарадық. Алайда, әкімдіктер жеткізушілерге қаржы бөлуді доғарар емес. Өкінішке орай, ол делдалдарды көбейткеннен басқа нәтиже беріп отырған жоқ. Өңірлерге тиімді бағамен тұрақтандыру қорларын толтырып алуға мүмкіндік берілді. Бірақ, атқарылған жұмысты көре алмай отырмыз. Жылдың басынан бері сауда саласында заңдылықты бұзудың ешқандай фактісі анықталмаған», - деді ол. Үкімет басшысы барлық әкімдіктерге өңірлік комиссиялардың жұмысын жақсарту үшін алгоритмдер мен ұсыныстар жіберілгеніне назар аудартты. «Алайда, өңірлерді комиссия отырыстарын өткізуге «қинағандай етіп» мәжбүрлеп отырмыз. Оның өзі де ешқандай нәтиже беріп отырған жоқ. Тағы да қайталап айтамын. Азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың аса маңызды негізгі міндеті. Жұмысқа немқұрайлы қарау орын алса және нәтиже болмаса тиісті шешімдер қабылданады. Бұл туралы бұған дейін де айтылды», - деп ескертті Премьер-Министр. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024