Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстау облысында балық өнеркәсібімен айналысатындар 23 пайызға артты

kaz.caravan.kz

Маңғыстау облысында балық өнеркәсібімен айналысатындар 23 пайызға артты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат -қа сілтеме жасап хабарлайды. Каспий теңізі жағалауында орналасқан Маңғыстау өңірінің балық шаруашылығы саласын дамытуға биыл 20 млн теңге бөлініп отыр. 2022 жылдың шілдесінен 8974 тонна квота бөлініп, оның 2000 тоннасы іске асырылған. Сондай-ақ былтыр мемлекеттік қолдау аясында берілген 10 млн теңгенің 9 млн теңгесі игерілген. «2022 жылға акваөсіру өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға мемлекет тарапынан 10 500 000 теңге қаражат бөлінген болатын. 9 600 000 теңгесі игерілді», - деді Маңғыстау облыстық Балық шаруашылығы басқармасының акваөсіру және субсидиялау бөлімінің басшысы Ғабит Балғабаев. Кәсіпшілік балық аулау аумағы теңіз жағалауымен 6 балық шаруашылығы ауданына, оның ішінде 33 учаскеге бөлінген. Оның 18-і Түпқараған ауданы, ал 8-і Қарақия ауданына тиесілі. Қазіргі таңда 7 учаске резервте тұр. «2021 жылы кәсіпшілік күш-жігері бойынша 121 бригада, 610 балықшы тіркелген еді. Ал қазіргі таңда 162 бригада, 793 балықшы тіркелген, яғни оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 23 пайызға артты», - деді Маңғыстау облыстық Балық шаруашылығы басқармасының бас маманы Абзал Бақытжанұлы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024