Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иран Ресейден Су-35 бомбалаушы ұшақтарын сатып алады

azattyq.org

Иран Ресейден Су-35 бомбалаушы ұшақтарын сатып алады

Иран ресейлік Су-35 жойғыш ұшағын сатып алу бойынша процедураларды аяқтады. Бұл жөнінде 11 наурызда Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігіне сүйенген Иранның мемлекеттік IRIB арнасы хабарлады."Иран бірқатар елге Иранға жойғыш ұшақты сату мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш айтқан, Ресей өтінішті мақұлдады" деп жазылған хабарламада.Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі келісімнің шарттары, оның қашан жасалғаны және құжат бойынша Иранға қанша ұшақ жеткізілетінін айтпады. Дегенмен түріктің Anadolu агенттігі Иран ақпарат құралдарына сүйене отырып мәселе 24 жойғыш ұшақ жөнінде болып отыр деп жазды. Израильдің 12-арнасы да сол санды айтты. Арнаның хабарлауынша, мәселе бастапқыда Египетке сатылуы тиіс болған әскери ұшақтар туралы болып отыр.Reuters жазуынша, қазір Иран қарулы күштерінде ондаған әскери ұшақ бар және көбі – 1979 жылға дейін жеткізілген америкалық ұшақтар. Иранда сонымен бірге Ресейде шыққан МиГ-29 және Су-24 ұшақтары да бар. Егер Су-35 жеткізілсе, ол Иранның соңғы үлгідегі әскери ұшағына айналады.Иран ақпарат құралдарының жазуынша, ресейлік истребитель "төртінші және бесінші буынға жататын әлемдегі ең қуатты ұшақтардың бірі". Ақ үй ресейлік истребительдің жеткізілуі аймақта күштердің ара салмағын өзгертуі мүмкін деп ескерткен.Иранның мемлекеттік арнасының хабарлауынша, Тегеранға қару тасуға тыйым салатын БҰҰ санкциясы алынған соң Иран аты аталмаған бірнеше елмен жойғыш ұшақ сатып алу туралы келіссөз жүргізген. Ресеймен келісімге қол жеткізгенін қаңтарда Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша комитет мүшесі Шахриар Хейдар "Тасним" агенттігіне берген сұхбатында айтқан. Ол жойғыш ұшақтар осы көктемде жеткізілуі мүмкін деп мәлімдеген.Ресейдің Украинаға басқыншылығы кезінде Мәскеу мен Тегеран қауіпсіздік саласында әріптестікті нығайтқан. Желтоқсанда АҚШ президент әкімшілігінің өкілі журналистерге Ресей мен Иранның әскери саладағы әріптестігі "бұрын-соңды болмаған" дәрежеге жеткенін айтқан.Батыс елдері Иран Ресейге әскери дрондарымен көмектесіп отыр, ол дрондарды орыс армиясы Украинадағы соғыста пайдаланып жатыр деп айыптаған. Тегеран мұны жоққа шығарған. Бірақ бұған дейін Ресейге дрондарды соғысқа дейін жеткізгенін мойындаған.Бомбалаушы Су-34 ұшағын Ресей армиясы 2014 жылдан бері пайдаланады және экспортқа ұсынып келеді. Ұшақ қарсылас жақтың аумағында зымыран-бомбалармен соққы жасауға арналған. Украина армиясының әуе шабуылынан қорғайтын жүйесі көп болғандықтан Ресей Украинадағы соғыста оны аз пайдаланып жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024