Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Reuters: Ресейлік компаниялар Қазақстаннан санкцияны айналып өтуге көмектесуді сұрап жатыр

azattyq.org

Reuters: Ресейлік компаниялар Қазақстаннан санкцияны айналып өтуге көмектесуді сұрап жатыр

Кейінгі апталарда ресейлік компаниялар қазақстандық әріптестерінен Батыс санкциясын айналып өту мәселесі бойынша көмектесуді көп сұрай бастаған. Олар өздеріне қажетті тауарларды да импорттауды өтінген. Бұл жөнінде жеті дереккөзге сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.Жуырда Анкара санкцияға ілінген транзиттік тауарларды Ресейге тасымалдауды тоқтататынын мәлімдеген еді. Агенттікке сұхбат берген екі дереккөз Қазақстанға өтініштің көбеюін сонымен байланыстырған.Сатушылар мен сатып алушылар үшінші елдер арқылы тауар тасымалдаудың күрделі тізбегін құрап, санкцияны айналып өту жағынан көп жағдайда Түркияға арқа сүйеп келген еді.Дереккөздердің айтуынша, ресейліктер тауарларды Қазақстан мен Ресейдің құрлық шекарасы арқылы тасымалдау бойынша көп өтініш айта бастаған. Екі елдің құрлық шекарасы 7 мың шақырымнан астам.Reuters'ге бір қазақстандық кәсіпкер оған ресейлік компания Австралиядан жүк көлігіне тиелген сирек жер металдарын тасымалдау үшін 1 миллион доллар ұсынғанын жеткізген.Қазақстан үкіметі агенттіктің сауалдарына жауап бермеген.Reuters'дің жазуынша, Астана үшін Мәскеу ірі сауда әріптесі ретінде қалып отыр. Былтыр Қазақстаннан экспорт көлемі шамамен 25 пайызға артып, 9 млрд долларға жуықтаған. Мысалы, мойынтірек экспорты екі есеге артып, 111 млн долларға жеткен.Бұған дейін Bloomberg басылымы Ресей санкцияны айналып өтіп, үшінші елдер арқылы, оның ішінде Қазақстанның да көмегімен Еуропадан микрочиптер сатып алып жатқан болуы мүмкін деп жазған еді.Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 10 наурызда "Қазақстан санкцияны өз аумағы арқылы айналып өтуге жол бермейді. Қазақстанға Батыс елдері жағынан бұл мәселе бойынша шағым түскен жоқ" деп мәлімдеген еді. Қазақстаннан Ресейге көп электроника тауары экспортталып жатқанын көрсететін статистика туралы сұраққа Василенко мұны "тауар тасымалы тізбегі бұзылғандығымен" түсіндірген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024