Елімізде көмір бағасы бір жылда 13 пайызға қымбаттады

Павлодар және Қарағанды облыстарына өндірілген көмірдің барлық көлемінің 90,7%-ы тиесілі. Павлодар облысында 6,6 млн тонна көмір өндірілді, Қарағанды облысынжа – 2,8 млн тонна көмір. Биылғы қаңтар айында 9,4 млн тонна тас көмір өндірілді. Бұл былтырғыға қарағанда 2,4%-ға аз. Оның ішінде кокстелетін көмір – 517,9 мың тонна, энергетикалық көмір – 1,1 млн тонна. Өз кезегінде қоңыр көмір (лигнит) өндірісі 14,7%-ға, 673 мың тоннаға дейін ұлғайған. Ал, көмір концентратының өндірісі 33,8%-ға, 242,2 мың тоннаға дейін азайды. Былтырғы 12 айдың қорытындысы бойынша еліміз 946,5 млн долларға 29,5 млн тонна тас көмір экспорттаған. Заттай өсім 1% болса, ақшалай өсім –89,3%. ТМД елдеріне 283,1 млн долларға 20,2 млн тонна көмір жөнелтілді. Отандық көмірдің негізгі импорттаушысы – Ресей: 213,3 млн долларға 18,6 млн тонна. Достастық елдерінің арасында қазақстандық көмір Қырғызстан мен Өзбекстанға да жеткізілген. Әлемнің басқа елдеріне 9,3 млн тонна көмір жөнелтілді. Жылдық өсім – 55,3%. Бұл бағытта ТМД елдеріне қарағанда көмір экспорты 2 есе аз болғанымен, ақшалай мәнде өсім байқалып отыр: 663,3 млн доллар. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,2 есеге артық. Көмірдің негізгі көлемі Швейцария, Польша, Түркия, Кипр және Латвияға жіберілген. Республика бойынша көмір бағасының ең жоғары жылдық өсімі Ұлытау облысында (+66,2%) тіркелді. Антилидерлер үштігінде Ақтөбе (+27,4%), Түркістан (+23,3%) облыстары бар. Ең аз жылдық баға өсімі Ақмола облысында байқалды. Мұнда бір жылда баға 1,8% ғана өскен. Батыс Қазақстан облысында баға өзгеріссіз қалған.
- Соңғы
- Танымал
- Маусым, 30
-
- Маусым, 27
-
- Маусым, 24
-
- Маусым, 23
-
- Маусым, 19
-
- Маусым, 17
-
-
- Маусым, 16
-
-
- Маусым, 13
-
- Маусым, 10
-
- Маусым, 09
-
- Маусым, 05
-
- Маусым, 02
-
-
- Мамыр, 30
-
- Мамыр, 22
-
- Мамыр, 19
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
4 шілде 2025
4 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар